Өлең, жыр, ақындар

Қанатты аттар хикаясы

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1605
(Қиссасул Анбиядан)

Билеген Дәуіт ұлы көп мәмлакат,
Етпеген орны жоқ ед ол үкімат.
Перілері бәйек болып қызметінде,
Тұтысты төбесінде құстар қанат.
Тау мен тас, жел менен бұлт, жер менен су,
Келділар жанды-жансыз мақұлықат.
Әмірінде ешбір ісі болып бұлай,
Тұрмаған теріс бағып түйттай замат.
Атамыз Адам Сәпиден бері қарай,
Жер жүзін жан қылған жоқ ондай абат.
Ол сұлтан салтанатпен сахараға,
Шығып еді сайыр етуге бірер сағат.
Орынға серуендеген көзін салса,
Жүр екен жеті мыңнан көбірек ат.
Қарасын қанат түзеп көріп шәһінің,
Һаммасы ауаға ұшты ошал һалат.
– Тұт, – деді Кәуіс деген бір диюге,
Айлап көп осыларға рахобат.
Жырау боп жауабында айтты дию,
Жоқ менде әміріңді етпеске һат.
Қолымнан, қиналмас ем, келмейді бұл,
Дию бар менен басқа бір пақуат.
Сәмандун аты әнің, қашып сізден,
Жүр тақтылар арасында неше қабат.
Ұстайды осылардың бірін қоймай,
Қолға егер Құдай ондап, түссе шаят.
Қашақ жоқ бұл уақытта ол секілді,
Бұлтқа енер, жерге кірер тұта алмас зат.
Айласы осы болар, өзің тақсыр,
Көп күндер қаста болып ауырып жат.
Ауазаң әр тарапқа жайылынсын,
Сүлеймен етті деген раһлат.
Мен айтсам ол хабарды оған барып,
Шек қылмайды, сөздеріме шынттап нанады.
Етеді алыс-беріс әр уақытта,
Өзге емес өзімменен дос дауамат.
Жасырып жүз періні бір майданға,
Үстіне алып келсек ұстау әнсат.
Осыны көріп мақұл ауру болып,
Панидан болған болды бір күн опат.
Інсі жүн, қанатты күс, андар тарап,
Жетідей жер үстінде жүрісті шат.
Сәмандүн Кәуіске кеп бір күндері,
– Рас па, – деді, – достым бұл башарат .
– Сүлеймен болмаса егер күліп Кәуіс,
Болар ма еді, – деді, маған бұл парахат.
Еркімше өлген үшін үстіп жүрмін,
Қылайық майдан хали маһамалат.
Шат қылып Сәмандүн де солайша деп,
Жатқан жүз періге әкеп ұстап, матап.
Келген соң Сүлейменге сықылмен бұл,
Қалтырап қатты қорқып қылмай тақат.
Ей, тақсыр ерік өзінде идім басым,
Азат ет, – деді, мейлің, я ақыбат.
Бұйырсаң бір жұмысты бітірейін,
Болса да мойынында қанша зұлмат.
Білдіріп бастан, аяқ бірін қоймай,
Сөйледі Сәмандүнге ол әділат.
Қылдыңыз жаным сауға, сансыз тауба,
Бітірем қайғырмаңыз қылып жаһат.
Жүз батпан жүн табыңыз, жүз тай арақ,
Пері бер жана-дағы мың баһаят.
Даярлап тамамында алғаннан соң,
Бір бұлақ бар еді аттар еткен суат.
Келді де, көзін байлап жүндерменен,
Қосты етіп арақ құйып, суын сағат.
Жанында жасырынып мың перімен,
Ұстауға жата берді жиып әлат.
Алған соң аттар келіп, арақ иісін,
Су ішпей сескенісіп бөрі тарады.
Тыңдамай ертең иісін ұзақ ішті,
Болған соң бәріне су бек зәрарат.
Биһүш боп босаған соң қанаттары,
Ұстады бәрінде оған раһмат.
Келтіріп хұзырына Сүлейменнің,
Сәмандүн сонша мақтау алды інаят
Болып еді келгенде аттар намаздыгер,
Хақында осының бар енген аят.
Жүргенде бірін мініп, бірін түсіп,
Күн батты анығынан емес қалат.
Көрген соң күн батқанын, кетіп есі,
Секілді солып жатты жансыз жасат.
Бір кезде есін жиып түрегеліп,
Тіледі Жаппар Құдай істі әһанат
Күніңді қайта шығар, күнәмді кеш,
Жылады жеткізбе, – деп, дініме апат.
Бәрін де осы аттардың үлестірді,
Мүскінге мұңлы болған таппай һажат.
Көз жасын қайырменен қылып қабыл,
Шығарды қайтадан күн: "Қыл, – деп, тағат".
Шүкірана Саттар Хаққа айлап сансыз,
Әнден соң ақыретін етті рабат.
Пайғамбар патшалығы былай тұрсын,
Оларға зауал иман жоқ һалакат.
Ісіне осы еткен қарағанда,
Тұтамыз дінімізді қолай сағат.
Қатадан қазасы үшін бір намаздан,
Қауып етіп жеті мың ат қылды қайрат.
Қаза етіп жеті пұлға бір намазды,
Көрмейміз күні-түні әсте рахат.
Бірақ Хақына һәмма еткен әнбияның,
Сәруардан соңыра нәсіл қыл шапағат.
Жылында бір мың үш жүз жиырма төрт,
Назым етті мұны молла Турмухаммад.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айдарбайға

  • 0
  • 0

Қарағым, құтты болсын, алған келін,
Түрі бар басатұғын іштің желін.
Жасыңнан жақсылармен жолдас болып,
Аянбай әр орыннан алдың телім.

Толық

Жүрсін, Күлән, Шонымға

  • 0
  • 0

Сөз тыңда, Жүрсін менен Күлән, Шоным,
Қысқа емес, аңлауымда, ақыл - тоның.
Жақанға жаратылып келгеннен соң,
Оймаған өлім шіркін кімнің қоңын.

Толық

Ұшқын

  • 0
  • 0

Ұшқын ұшып,
Көкті құшып,
Тұтанбас па жарық боп?!
От жарқылдап,

Толық

Қарап көріңіз