Артқы өмір аңлауымда түс сияқты – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Артқы өмір аңлауымда түс сияқты» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2261
Артқы өмір, аңлауымда, түс сияқты,
Алғы өмір қолға қонған құс сияқты.
Тілләға тірілікті балағанмен,
Болады бара-бара мыс сияқты.
Жігіттік жазды күнгі жайнаған гүл,
Қартаңдық - қатырған су қыс сияқты.
Қаратпай алды, артына әкететін,
Сұм өлім сумаңдаған күш сияқты.
Қалады қаметінде қаупі өлімнің,
Құрт түбін кеулеп қойған тіс сияқты.
Дүниенің опасызын ойлағанда,
Керексіз көрген дәуір іс сияқты.
Көп аса көзді жұмып кеуіп, іспей,
Күн бұрын болу керек "пыш" сияқты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Артқы өмір аңлауымда түс сияқты өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Артқы өмір аңлауымда түс сияқты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Артқы өмір аңлауымда түс сияқты өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Артқы өмір аңлауымда түс сияқты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері