Дидактика

Бұл бетте «Дидактика» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1239
Қырқа, төбе, қыраттар,
Көтермеңдер иықты,
біз көргенбіз,
Көргенбіз
Сендерден де биікті,
Шаңқай түстің шағында
бастан бөрік құлап бір,
біз көргенбіз,
Көргенбіз
Шырқауларды шың атты!
Мықтысың ба сен де, Емен,
Жықпады деп жел мен құз,
Жел өтінде тұрғанның
талайларын көргенбіз.
Қаттылықты мақтан етпе, қара тас,
тастың-дағы жарылғанын көргенбіз.
Мықты болсаң, сол тасты сен тебіренгіз
Не көрмедік сенімен біз,
біз бәрін де көргенбіз.
Көп салғанда кісіге іс,
Қырғи көңіл, қыңыр бас,
Кісі болсаң — түсініс,
итім болсаң — ырылдас.
Дәрменсіз деп біреуді
Күйін, күйін — еркінде.
Күйген сайын сен тілдеп
Мен күлемін селкілдеп!
Жасылмын деп жасанба
Жапырақ
Әй, жапырақ.
Жігіт, жаспын деп қағынба сен де көп:
Күн — өтпелі,
дүние деген — дөңгелек...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дидактика өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Дидактика өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дидактика өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дидактика өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері