Ғашықтың тілі

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Ғашықтың тілі – шорқақ тіл,
Дәл баспас үркек, қорқақ тіл.
Қос жүрек – ғашықтың жан сырын
Қайтсең де, тағдыр, ортақ қыл.
Ғашықтың тілі – жабық тіл,
Ым-жымға үнсіз қанық тіл.
Махаббат пірі, бір сөзге
Екеуін де зарықтыр.
Ғашықтың тілі – жақұт тіл,
Ақ алмас, маржан, ақық тіл.
Қайтсең де, Тәңірім, сол сөзге
Қос ғашықты асықтыр.
Ғашықтың тілі – қысқа тіл,
Қысқа да болса нұсқа тіл.
Жүрекке жүрек үйлессе,
Серттесер сөзге ұста тіл.
Сүймесе сүйекпен кететін
Махаббат тілі – азап тіл.
«Сүйемін» десе жететін
Махаббат тілі – ғажап тіл.

25.05.2012


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғашықтың тілі өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Ғашықтың тілі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ғашықтың тілі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғашықтың тілі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері