Ешкі өсір (Топтама өлең) – Егеухан Мұқамәдиқызы

Бұл бетте «Ешкі өсір (Топтама өлең)» атты Егеухан Мұқамәдиқызы жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4207
Бөрте лақ

Бөрте лақ,
Құлдыр шұнақ
Лағы еді шыбыштың.
Ойнақтайды,
Ұстатпайды
Бәрін естіп дыбыстың.

* * *
Көп лақ

Тастан-тасқа
Қарғымаса,
Шыдамайды көк лақ.
Таймай тастан,
Нық-нық басқан
Шұбырады көп лақ.

* * *
Ешкі тастан шығыпты

Топ-тобымен,
Ентелеген
Лақ бұл қызық қылықты.
Тастан таймай,
Жүр құламай
Ешкі тастан шығыпты.

* * *
Серке

Серкеш біздің
Бәріміздің,
Аялайтын еркеміз.
Сергек сері,
Күн ілгері
Қой бастайтын серкеміз.

* * *
Ешкі тоңғақ

Жауса жауын,
Іздеп таудың
Пана, үңгір ықтасын.
Күн ашыла
Тасқа шыға
Қыздырады арқасын.

* * *
Ешкі еті

Түбіті – кен,
Терісі – тон,
Басқа киім іздеме.
Бүрген менен
Жеміс жеген
Ешкі етін күзде же.

* * *
Ешкі сүті

Ешкі сауған
Құрт-май алған,
Нәрлі сүті бұлақтай.
Пісіріп іш,
Береді күш,
Құйғытасың құр аттай.

* * *
Көбіршік

Айран қатық
Қышқыл татып,
Жасымыздан көп іштік.
Қатығына
Сұйылтуға
Ешкі саудық көбіршік.

* * *
Өсімтал

Шыбыш, туша
Егіз туса,
Екі жылда тоғыз бас.
Құрақ ұшып,
Бағып, күтіп,
Оған ауды ықылас.

* * *
Ешкі өсір

Сүтін ішсең – бал,
Өзі өсімтал,
Пайдасы мол көл-көсір.
Түсініп ал,
Сүйкімді мал,
Мал өсірсең, ешкі өсір.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ешкі өсір (Топтама өлең) өлеңінің авторы кім?

Егеухан Мұқамәдиқызы — осы өлеңнің авторы.

Ешкі өсір (Топтама өлең) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ешкі өсір (Топтама өлең) өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ешкі өсір (Топтама өлең) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері