Қыс көрікті – Егеухан Мұқамәдиқызы

Бұл бетте «Қыс көрікті» атты Егеухан Мұқамәдиқызы жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 1
  • 6759
Қыс көрікті –
Жауған аппақ қарымен,
Қыс көрікті –
Аяз қысқан кәрімен.
Қыс көрікті –
Аққала мен сырғанақ,
Қыс көрікті –
Күміс қылау сәнімен.

* * *

Жапалақтап,
Жауған аппақ
Қарда шығып ойнаймыз.
Қар уыстап,
Ұрлап асап,
Қызығына тоймаймыз.

* * *

Қарды үйіп,
Суды құйып,
Жасап едік сырғанақ.
Қатпай суы,
Кеппей буы,
Балаларға бол мазақ.

* * *

Ызғары бар,
Сықырлап қар,
Баурап сырнай әнімен.
Аппақ сүңгі,
Моншақ ілді,
Орман мүлгін сәнімен.


Пікірлер (1)

п

күштіііііііііііііі

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері