Бұл бетте «Саққұлақ» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
24.04.2019
0
1
9791
Күшігім бар.
Күшігім
Кереметтей саққұлақ.
Күзетіп үй есігін
Көңілді жүр шапқылап.
Құмары бір қанады
Құрбыларым келгенде.
Бірден танып қалады
Бөгде жанды кергенде.
Үріп тұрып жөнімен,
Қызық оның қашқаны.
Қорқып үріп,
Сонымен
Қорқытады ол басқаны!
Нұрсәуле
Өлеңдері өте керемет!!! Маған қатты ұнайды