Айып – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Айып» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 2
  • 6325
Шаңғысына сүйіне,
Ойнай-ойнай еc кетіп,
Омарғали үйіне
Оралды тек кештетіп.
Дегендей-ақ: «Байыпта,
Ұмытпа білім бұлағын!»
Аяз ата айыпқа
Алып қапты құлағын.


Пікірлер (2)

Асылай

Маған өте ұнады

Асылжан

Қадыр Мырза Әлидің "Айып" өлеңі өте қысқа әрі мағыналы шығарма екен. Шаңғы теуіп, ойнап ес кетірген баланың аяз атадан құлағы айыпқа қалуы – балалық шақтың қызықты да табиғи көрінісі. Ақын бірнеше жолмен ғана нақты бір оқиғаны, тәрбиелік мәні бар жағдайды шебер суреттеп шыққан. Балаларға ұнайтын жеңіл әрі түсінікті тілмен жазылған өлең екен. Мәтінін сақтап алдым, ініме оқытып қояйын.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері