Көктем шығып кетпесін – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Көктем шығып кетпесін» атты Қадыр Мырза Әли жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 0
  • 8340
— Коньки теуіп үйренем,
Қиын дерлік несі бар!—
Күнде солай дегенмен,
Кәрім емес асығар.
Ағайындар көргенде
Айтады әзіл-өкпесін:
— «Үйренеммен» жүргенде
Көктем шығып кетпесін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері