Түлкінің «сыны» – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Түлкінің «сыны»» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 1
  • 6247
Бір ой келіп Түлкіге,
Кітап алды қолына.
Қалғып-мүлгіп ілкіде,
Қарады әрбір жолына.
Деп оқыды: «Кепке анық,
Түлкі — айлакер, Түлкі — ойлы!»
Осыған ол мақтанып:
«Жақсы кітап!»—деп қойды.
Тағы оқыды: «Сол Түлкі
Тауық ұрлап жепті ғой!»—
Сонда Түлкі іренжіп:
«Мылжың кітап!»— депті ғой.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Мықты

Мықты

Осы автордың басқа өлеңдері