Ұқпаймын – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Ұқпаймын» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 1
  • 5373
Қоралар қалады қаңырап,
Ертемен қой өріп кетеді.
Момақан қозылар маңырап,
Үндері көш жерге жетеді.
Білмеймін, өздері тоңа ма,
Жазда да қалың тон киеді.
Мен қалың кимеймін,
Сонда да
Мені апам «Қозым!»— деп сүйеді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Алида

Жаксы

Осы автордың басқа өлеңдері