Бұл бетте «Қояным» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
24.04.2019
0
1
6871
Бір қоян асырап келемін,
Оған мен көп уақыт бөлемін.
Өзі бір сүйкімді,
Бар менің
Сол үшін шығарған өлеңім.
Кісіге қараған кезінде
Бір үрей тұрады көзінде.
Су жүрек деп оны сөгер ем,
Қорқам ғой кейде мен өзім де!
Балбота
Маган унаган олен