Қырықаяқ – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Қырықаяқ» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4733
Шым астынан кетпейді,
Шымбайына батса да.
Суық та оған өтпейді,
Сызды жерде жатса да.
Жүргенде ұзап кетпейді,
Бар ынтасын салса да.
Қосаяққа жетпейді,
Қырық аяғы болса да!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері