Бұл бетте «Қуын-ай» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
24.04.2019
0
1
4494
Бар еді досымда
Кішкене ала доп,
Біздің үй қасына
Ойнайтын ала кеп.
Сол допты досымнан
Қиылып сұрадым.
Ол менің қасыма
Жақындап бір адым:
— Бар ғой доп дүкенде,
Сатып ап жаңасын,
Маған бер, сөйткенде
Мұны сен аласың!—
Деп қойды,
Көзімше
Кепкесін жапырып.
Мені бір
Өзінше
Кетпекші қатырып!
Расул
Рахмееееееет!!!!!!!