Шарайна мен Шүберек
Бұл бетте «Шарайна мен Шүберек» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қарамай тіпті өзіне
Көрікті түгіл албасты,
Кір жұғып мөлдір жүзіне,
Айнаның бетін шаң басты.
Кәдеге талай жараған
Айнаға жан мән бермеді.
Алдына келіп қараған
Адамдар өзін көрмеді.
Айталық енді қысқартып,
Ұзаққа созып не керек!
Айнаны аяп, іш тартып,
Тазалап сүртті Шүберек.
Ал өзі содан шаң болды,
Шаң болмасқа бар ма айла!
— Әй, салақтық!— деп оны
Кінәлап тұрды Шарайна.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі