Қуырған балық – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Қуырған балық» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3856
Болды біздің жолымыз,
Судан шортан суырдық.
Содан кейін оны біз
Сарымайға қуырдық.
Дәмді болып піссін деп,
Салды досым бұрышты
Дәмді болып піссін деп,
Салдым мен де бұрышты,
Ащы болса жақсы деп,
Ол бір уыс тұз салды;
Ащы болса жақсы деп,
Мен бір уыс тұз салдым.
Енді болды дедік те,
Табаға біз жуыстық.
Бір-бір балық жедік те,
Бір-бір шелек су іштік!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қуырған балық өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Қуырған балық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қуырған балық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қуырған балық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері