Бірінші «бестік» – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Бірінші «бестік»» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 1
  • 6316
Бүгін үлкен қуаныш —
Беске бесті қоса алдым.
Былай қалып жаман «үш»
Бірінші рет «бес» алдым.
Жайда бергім келмейтін
Күнделікті ұсындым.
Оқытушым күлмейтін
Күлді, содан қысылдым.
Қояры бір «бес» еді,
Оқытушым оңдырды:
«Екімді» де кешегі
Күнделікке қондырды!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Оаоа

Бестік

Осы автордың басқа өлеңдері