Басыңды қара жерден көтер қазақ!

Бұл бетте «Басыңды қара жерден көтер қазақ!» атты Aibekkk жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Басыңды қара жерден көтер қазақ!
Болғаның шет елдерге жетер мазақ.
Бойыңды тіктемесең жігерленіп,
Басыңнан өмір бойы кетер ме азап!

Жүнжіме!
Жем болатын сен емессің,
Өр қазақ, өзгелерден кем емессің!
Қос қолдап қолдамасаң бір-біріңді,
Қазағым сен мәңгілік ел емессің!

Кеудеңді өзге елмен теңдей ұста!
Біреуге намысыңды бермей ұста!
Мұхитта өмір деген бәрі бірдей,
Ұмытпа ол да ағыста!
Сен де ағыста!

Атып шық!
Мінберлерге сөз бермесе,
Жіберме!
Намыс болса, ездерге есе!
Ол қашан келеді деп күтіп жүрмей,
Тартып ал!
Бақытыңды кез келмесе!

Басыңда өнер-ғылым, білім жоқ па,
Ғылымды сөйлететін тілің жоқ па!
Өзгемен Жұмыр жерді тең басқанда,
Көретін басқаларсыз күнің жоқ па!

Бойыңда тіресетін күшің жоқ па,
Аузыңда көрсететін тісің жоқ па!
Неліктен өткен күнге жалтақтайсың,
Әлде осы болашақпен ісің жоқ па!

Қазақты мұқатуға бәрі құмар,
Басыңды көтермесең әлі жығар.
Сап түзе!
Көзіңді аш!
Оян қазақ!
Біздерде намыс, жігер бәрі де бар!


Пікірлер (6)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз, автор деген бөлімді бос қалдырып, - авторы өзім - дегенді белгілеу керек.

Айбар

Қос қолдап қолдамасаң бір-біріңді...
Өте дұрыс айтылған нақыл сөз.

Кенжегул

Кермет. Өтте өршіл. Кəзіргі Алаш

Aibekkk

Оян қазақ!

Алма

Супер!

Севинч

Өте күшті айтылған

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Басыңды қара жерден көтер қазақ! өлеңінің авторы кім?

Aibekkk — осы өлеңнің авторы.

Басыңды қара жерден көтер қазақ! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Басыңды қара жерден көтер қазақ! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Aibekkk өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Басыңды қара жерден көтер қазақ! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар