Тындырмады демесең ісін дөйдің

Бұл бетте «Тындырмады демесең ісін дөйдің» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2373
Тындырмады демесең ісін дөйдің,
Мен де милы,
Ақылды кісіңдеймін.
Бірақ мына тірлікте,
Өзге түгіл,
Өзімді де кейде мен түсінбеймін.
Өтеді күн зымырап,
Өтеді күн.
Есептесең бойымда жетеді мін.
Кемшілігін көрсетіп үлкендердің,
Жіберемін баланың қателігін.
Қалайша дақ түсірген бетіне күн?
Білсең сөйле, бауырым, өтінемін!
Білгенімді айтуға асығамын,
Асығам да,
Артынан өкінемін!
Жасыратын түгі жоқ, інішегім,
Жаудай бұздық саулықтың ұлы шебін.
Жек көремін мен мына шарабыңды,
Жек көремін!
Бірақ та неге ішемін?!
Менсінбейміз біреуді баласынып.
Ұғу үшін баланы,
Даласын ұқ!
Жек көремін мылжыңды,
Сөйте тұра
Көп сөйлеймін неліктен данасынып?!
Болмайтынын білемін мінсіз қалам.
Болмайтынын білемін мұңсыз ғалам.
Мұңын айтар тұстарда мінін айтып,
Сөйлер тұста неліктен үнсіз қалам?!
Тәрбиеде ананың бөлек сүті,
Тірі адамды көрмедім мен өксітіп.
Босқа ойнауға болмайды,
Сөйте тұра
Қоям неге қыздарды емексітіп?!.
Тоңдым талай теңізде,
Телегейде.
Болдым талай көлеңке,
Көлегейде
Тұлпарымды ойланбай бере салып,
Мәстегімді қимаймын неге кейде?!
Тындырмадың демесең ісін дөйдің,
Мен де кемел,
Ақылды кісіңдеймін.
Бірақ мына тірлікте.
Өзге түгіл.
Өзімді де мен кейде түсінбеймін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тындырмады демесең ісін дөйдің өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Тындырмады демесең ісін дөйдің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тындырмады демесең ісін дөйдің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тындырмады демесең ісін дөйдің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері