Сағыныш – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Сағыныш» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 7385
Алғаннан соң демалыс,
Алаңдамай өзгеге,
Қаладағы ең алыс
Кеттім аға-жеңгеме.
Бәрі қызық балаға,
Бар қызықты қармадым.
Музей, парк,..—
Қалада
Қай жерге тек бармадым!
Көшелерді кей-кейде
Кезіп жүрдім жалғыз-ақ.
Асыр салып күнгейде,
Алып жедім балмұздақ.
Көлеңкелеп шынарын,
Күнде сүрттім терімді.
Басылғанша құмарым
Бәрі қызық көрінді.
Бір айдан соң жүрдім шақ,
Қайтамын деп жалындым.
Атамды да,
Ұрыншақ
Достарды да сағындым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағыныш өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Сағыныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағыныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағыныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері