Аузы бар орындық

Бұл бетте «Аузы бар орындық» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3563
Көрші үйде бір жақсы бар ағай.
Сол әкеп берді де қарағай,
Балалар кескілеп, қашады,
Ғажайып орындық жасады.
Сіз оны өзіңіз көріңіз,
Лайық бағасын беріңіз!
Ол сізге ұнайды қалайда,
Отырып байқаңыз, алайда.
Істеңіз барлығын абайлап,
Басады ол әніне ойбайлап.
Қозғала бермеңіз сіз текке,
Әйтпесе алады ол тістеп те!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аузы бар орындық өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Аузы бар орындық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аузы бар орындық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аузы бар орындық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері