Бұл бетте «Тінәлі кінәлі» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көтеріп кластың
Шаңдағын,
Тасыпты ласты
Маңдағы.
Кім кінәлі?
—Тінәлі!
Су жаңа картаны
Сызыпты.
Кескілеп партаны,
Бұзыпты.
Кім кінәлі?
—Тінәлі!
Ісіріп Артықтың
Мұрынын,
Қыздардың тартыпты
Бұрымын.
Кім кінәлі?
—Тінәлі!
«Қойсаңшы» дегенді
Қуыпты.
Сиямен еденді
Жуыпты.
Кім кінәлі?
—Тінәлі!
Салсаңдар ал маған,
Айтар ем мынаны:
Түзете алмаған
Достар да кінәлі!
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі