Асан мен Хасан – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Асан мен Хасан» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4886
Білген адам Асанды,
Білген адам Хасанды
Екеуінің достығын
Дей алмайды жасанды.
Олар бірге ойнайды,
Олар бірге ойлайды.
Мерекені, мейрамды
Бәрін бірге тойлайды.
Бірге ішеді тамақты,
Бірге оқиды сабақты.
Бірге күліп жадырап,
Бір түйеді қабақты.
Ынтымақты, тірлікті
Бұл екеуі бір мықты.
Сабақтан да бір қалып,
Бірге алады «бірлікті»!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асан мен Хасан өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Асан мен Хасан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асан мен Хасан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асан мен Хасан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері