Алғыстан – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Алғыстан» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2311
Отыз беспен қош айтысқан кезде бұл,
Көңілімді мазалайды өзге жыр.
Мені біраз жерге апарып тастадың,
Еліктіріп, желіктіріп, жезде-өмір!..
Балалықтан ыстық не бар жалғанда,
Соны аңсаймыз иығымыз талғанда.
Бұл-бұл ұшты көзден қайран балғын шақ,
Шыбық аттан аударылып қалғанда.
Қызығыңа тоймасымды білгеннен,
Бүрін ашып тұрады ылги гүл кеудең.
Жақсылық деп соғатұғын жүректің,
Ақ желкенін келесің сен үрлеумен.
Соңғы нүктем алыс па, әлде, жақын ба,
Ойланғаным жоқ әлі бұл хақында.
Тірлік қамы тұралатып жүргенмен,
Ең бастысы бұл емес қой ақынға.
Кезімді осы бала сүйіп, жар құшқан
Ақ қанатты арманым көп алға ұшқан.
Өмір, сенен сұрамаймын байлықты,
Кенде қыла көрмеші тек алғыстан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алғыстан өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Алғыстан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алғыстан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алғыстан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері