Жұмыстың жылуы

Бұл бетте «Жұмыстың жылуы» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 7819
Долысын-ай боранның!
Тұлыбыма орандым.
— Кімге қамсау тұлыбың!
От жағалық, құлыным!—
Деді апам,— Бара ғой,
Бірер шөлке жара ғой!—
Жеңіл-желпі киініп,
Белді буып-түйініп,
Жұмысқа тез кірістім,
Мол жаруға тырыстым.
Салдым күшті мен шындап,
Бірте-бірте шым-шымдап,
Бойға жылу тарады,
Апам маған қарады.
Деді сосын:— Ерледің,
От жақпай-ақ терледің!
Жылуы бұл жұмыстың,
Қызуы ғой бұл істің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұмыстың жылуы өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Жұмыстың жылуы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұмыстың жылуы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұмыстың жылуы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері