Бұл бетте «Кетпен жыры» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
25.04.2019
0
0
3215
Кетпенмін,
Кетпенмін,
Есімде өткен күн
Шаруаға қашанда
Жәрдемге жеткенмін.
Кетпенмін,
Кетпенмін,
Күс қолды өпкенмін.
Құйынмен алысып,
Құмға гүл еккенмін.
Кетпенмін,
Кетпенмін,
Жалқаудан кеткенмін.
Күштінің қолында
Тасқа да өткенмін.
Кетпенмін,
Кетпенмін,
Талай тер төккенмін.
Жүзім де жайдары
Көп еңбек еткен күн!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі