Көңіл
Бұл бетте «Көңіл» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сүйетіндей жер үсті
Суретші болсам ғой.
Айтарлықтай келісті
Адам жасай алсам ғой!
Шашын,
Қасын
Күйедей
Қараменен бояр ем.
Ал ерінін шиедей
Алқызыл қып қояр ем.
Көзін, тіпті, тартынбай,
Көгілдір ғып қояр ем.
Ал тістерін алтындай
Жарқыратып бояр ем!
Күнге күйген білекті
Күреңменен бояр ем.
Ал жүректі, жүректі
Әппақ қылып қояр ем!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі