Ана мен баланың әңгімесі – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Ана мен баланың әңгімесі» атты Қадыр Мырза Әли жазған ана туралы өлең берілген.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5008
— От жақ деп ошағыңыз
Тұрмайды алдыңызда.
Қол соғып, қош алыңыз,
Көмекке келді газ да.
Қыдырғыш сыпырғышты
Құртыңыз, білдіңіз бе!
Шәртиген жұмыр ішті
Шаңжұтқыш келді бізге.
Қайтесіз күйентені,
Бар енді краныңыз!
Бәрі де түгел тегі,
Жоқ қандай құралыңыз?
— Кез болды жататұғын,
Қашырма берекемді!..
Сені бір бағатұғын
Машина керек енді!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері