Апталық есеп

Бұл бетте «Апталық есеп» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3850
Көретұғын түгі де жоқ сағаттан,
Дүйсенбіде кешіктің бір сабақтан.
Кен байлығын білмедің де Оралдың,
Сейсенбіде сүмірейген «бір» алдың.
Сені қалай олақсың деп тәрк етпен,
Сәрсенбіде сия төктің паркетке.
Күні бойы жөнін таппай бір істің,
Бейсенбіде досыңменен ұрыстың.
Садақ атып, қададың да оғыңды,
Жұма күні жарып алдың добыңды.
Орта жолда ойнап едің алаңсыз,
Сенбі күні қайттың үйге қаламсыз,
Өзің айтшы: дұрыс па бұл, бұрыс па?
Жексенбіде тұрдың ұзақ бұрышта!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Апталық есеп өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Апталық есеп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Апталық есеп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Апталық есеп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері