Байлаулы лақ, бос ешкі
Бұл бетте «Байлаулы лақ, бос ешкі» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Салп-салп етіп құлағы,
Байлаусыз жүр енесі.
Бірақ, бірақ лағы
Арқандаулы,
О несі?!
— Енесінің басына
Салып жіпті ондайда,
Ал лағын қасына
Бос жіберсе болмай ма?
— Бостандықта кей бала
Ұмытады анасын.
Қиын кезде бір ана
Тастамайды баласын!—
Бір тебініп биесін,
Деді атам Есберген,—
Сірә, ешкінің иесі
Міне осыны ескерген!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі