Кенгуру – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Кенгуру» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3474
Қашанда оның баласы
Бауырынан табылар;
Қарынында қалтасы,
Қалта емес-ау,
Қабы бар!
Болады таң қалуға,
Кім біліпті мұндайды.
Оны-мұны салуға
Ол қап сондай ыңғайлы.
Соны көрген кезімде
Келеді бір ой қызық:
Қояр ма еді өзіне
Деймін мақта тергізіп!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері