«А» – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте ««А»» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 7627
— Ата, зейін салдың ба?
Бар әріптің алдында
Неліктен «А» тұрады?—
Деп бір күні сұрадым.
Атам менің сауатты
Былай берді жауапты:
— Ата,
Ана,
Ақыл,
Ар,
Адам,..
«А»-дан басталар.
Содан шығар, Құрбаным,
«А»-ның алда тұрғаны!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері