Жақ – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Жақ» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3109
Әлі есімде:
Он үш-он төрт жастамын,
Шиден үшкір жебе жасай бастадым.
Жасыл талды иіп-иіп,
Екі ұшын
Тарамыспен тартып байлап тастадым.
Таң қалдырып өнеріммен көргенді,
Адырнасын керудейін кергем-ді.
Атқанымды дәл тигіздім,
Сөз бе екен
Қысық көзді далалыққа мергендік!
Ата жолын қуғандардың бірі едім,
Садағымды шіреудейін шіредім.
Бала кезден қалған әдет:
Әлі де
Бір нәрсені көздеймін де жүремін.
Қазір, міне,
Жер ортасы жастамын.
Енді сөзден жебе жона бастадым.
Сезімімді иіп-иіп, жүйкенің
Тамырымен тартып байлап тастадым.
Қай заманда әділеттің үні өшті?!
Қиянатқа баяғыдай әлі өшпін!
Менің жағым Одиссейдің жағындай —
Менен басқа тарта алмайды оны ешкім!
Қағып түсер қиядағы құсыңды
Сөздің күшін жаңа ғана түсіндім.
Оқырманым, өлеңімді бір жинақ
Бір қорамсақ жебе қылып ұсындым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жақ өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Жақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері