Өлең, жыр, ақындар

Белгісіз Бальзак

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1726
Жастығы мен арманы қатар жанған
Жігіт кезде жарлылық батар жанға.
Әлі әлемге белгісіз бала Бальзак
Мансарда да тұрады пәтер жалдап.
Қасы түгіл,
Жақыны,
Досы күлген
Жоқтыққа өзін үйреткен осы күннен.
Қара суық соғады терезеден,
Қырау кіріп тұрады есігінен.
Тоңған қолын жылытып от ерінге,
Түршігеді ұйқыға кетерінде.
Әйел де жоқ жанында,
Сәби де жоқ,
Мақсат бірге тұрады пәтерінде.
Табамын деп бәрінің бір амалын,
Тастамайды аузынан ұран-әнін.
Жазады да жатады повестерін,
Жазады да жатады романын.
Кейде сондай қалжырап дана миы,
Салмағынан зіл-ойдың талады иық.
Жаза-жаза жанары қарауытып,
Жаза-жаза саусағы қалады ұйып.
Іссіз оның арайлы таңы тұман,
Босамайды бір мезет қамытынан.
Бүкіл әлем өртеніп жатса-дағы,
Бас тартатын ол емес бағытынан.
Тынады деп ойлайсың түбі немен,
Жарығы оның сөнбейді түніменен.
Терезеден үңіліп,
Үн шығармай,
Тыңдайды оның күбірін тынып емен.
Болашаққа жеткізер мұрат асыл.
Бальзак күшті амалсыз ұнатасың.
Маңдай тері тамшы боп тамады оның
Қиындықтың тесем деп қара тасын.
Жары болып сен оны аймала, түн,
Жақын, сірә, күні де бәйге алатын.
Жұмыс деген «қамытта» қасиет бар
Даңқ-тәжге түбінде айналатын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тағдыр бұлты аспаныңда жүр шұбап

  • 0
  • 0

Тағдыр бұлты аспаныңда жүр шұбап,
Сарғаяды сүмбіледе жыршы бақ.
Өмір деген— бірде көктем, бірде қыс,
Өмір деген — бір көлеңке, бір шуақ.

Толық

Арманына жеткен ауыл

  • 0
  • 0

Таң қалмайсың заманға енді қайтіп!
Ақиқат боп аңызың келді қайтып.
Ауыл шалы бүгінде отырады
Америка жайында әңгіме айтып.

Толық

Жұмыстың жылуы

  • 0
  • 0

Долысын-ай боранның!
Тұлыбыма орандым.
— Кімге қамсау тұлыбың!
От жағалық, құлыным!—

Толық

Қарап көріңіз