Даңқ – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Даңқ» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4229
Даңқ! Даңқ!
Таң қаламын мен саған.
Жастар мынау,
Қарттар анау қаусаған.
Бір жалт еткен ұшқыныңнан тұтанып,
Бәрінің де жанары оттай самсаған.
Сен сондасың қайда болса асыл кен,
Сәтін берсе: досың артық, қасың кем.
Той-тамаша төрін саған ұсынып,
Тұра қалып қол береді жасы үлкен.
Дейсің бізге: «Ағалайкум ассалам!»
Күмпілдейді мақтау толы мес-сабаң.
Ең алдымен өзіңе сөз беріліп,
Ең алдымен тартылады бас саған.
Сері жұртты тебірентер сыр-сезім,
Сыр-сезімді ұран қылар жыршы өзің.
Сый-құрметсіз айтылмайды есімің,
Суретсіз ғой басылмайды бір сөзің.
Қайсар жастың тас жаратын талабы
Қарай-қарай саған көзі талады.
Сәуегей ел сен отырған орынға
Сәбилерін бір аунатып алады.
Қарай қалсаң оңың менен солыңа:
Қып-қызыл боп гүл шашулы жолыңа.
Даңқ!
Сені даңқ қылған дарын да
Бала болып су құйып жүр қолыңа!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Даңқ өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Даңқ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Даңқ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Даңқ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері