Ақын ана

Бұл бетте «Ақын ана» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 6865
Жастық кезде жарасады сән ойлау.
Жарасады,
Керек бірақ абайлау.
Қарап тұрсаң,
Нардың жүгін көтеру
Жардың жүгін көтеруден оңайлау.
Жарқылдатып алтын алқа тағынар,
Жалғыз пірің жастық еді-ау табынар.
Жуатұғын енді, міне, кірің бар,
Жиының бар,
Түскі тамақ тағы бар.
Концертімен көңіл кірін кетіріп,
Көлгір тірлік алдарқатар өтірік.
Алайда сен жердің қамын ойлайсың
Аяқ-табақ арасында отырып.
Жұбатам деп жылап жатқан қызыңды,
Жұмысыңның желісі сан үзілді.
Бірде тіпті,
Басың қатып жүргенде,
Жырға салдың асқа салар тұзыңды.
Сыр арнасын басқанменен қой тастар,
Сәйгүлік боп көңіл шіркін ойқастар.
Күні бойы
Қазан-ошақ босатпай,
Түні бойы
Ұйықтатпайды ұйқастар.
Айтыспай-ақ не досыңмен, не жаумен,
Өтеді өмір өжет ойды қажаумен.
Бір күндері қаламменен мал тапсаң,
Бір күндері өлең жаздың ожаумен.
Кім тігеді сенің үшін киімді?
Кім жинайды сенін үшін үйіңді?
Кесіп-пішіп жүрген кезде
Уақыттан
Өнер үшін қалады тек қиынды!
Осылайша өтіп айлар,
Өтіп жыл,
Бұл уақытта есең талай кетіп жүр.
Бай бақытты,
Балалар да бақытты,
Жалғыз ғана жаутаңдайды жетім жыр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын ана өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Ақын ана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын ана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақын ана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері