Жарық – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Жарық» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5437
Қадіріңді білмейді екем, нұрлы күн,
Қараң қалып мұхиттарым,
Құрлығым,
Жатып едім бір күн көзім ауырып,
Түнек болып шыға келді тірлігім.
О, табиғат!
Кім бұлай деп ойлаған?!
Жан болдым мен көзім күнге тоймаған.
Бақыт деген
Біз сияқты адамға
Сәуле екен ғой қабырғада ойнаған!
Қараңғылық деген, міне, осы енді,
Көре алмайсың қолыңдағы кесеңді.
Нұрмен бірге ғайып болды дүние,
Нұрмен бірге шәһит болды әсемдік.
Ақ сәулесіз алау гүлдер өсер ме?!
Неге керек сәулесі жоқ бас ерге?!
Нұрмен бірге ғайып болды бояулар,
Нұрмен бірге шәһит болды әсер де!
Тірлік көзі сәуле-нұрға тойып па!
О, тағдырым,
Күнсіз мені мойытпа!
Құлқын емес —
Жарық үшін
Балық та
Үйірімен үймелейді ойыққа


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жарық өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Жарық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жарық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жарық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері