Жел

Бұл бетте «Жел» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 1
  • 5158
Өскен бірге далада
Таптырмай дос-адасы,
Жүрді шулы қалада
Жаздың желі адасып.
Жүрді ұзақ қалада
Тұйықтардан өте алмай,
Тынысы кең далаға
Тура шығып кете алмай.
Сағынып дос құйынын,
Самал-гүлді ойлады.
Жапқан жеңгей иығын,
Жаулықтармен ойнады.
Сүмбіл шашын сұлудың
Саусағымен саралап,
Құрылыстарын СМУ-дың
Көрді біраз аралап.
Келе жатқан бір келін
Азық толы тор алып,
Кетті соның бүрмелі
Етегіне оралып.
Кешкі мейманханада
Құжынаған бір халық,
Халық толы қалада
Қалды ақыры шырмалып.
Қапырықтау ауада
Қиын екен тынысқа.
Орналасты ол қалада
Желдеткіш боп жұмысқа.


Пікірлер (1)

Назерке

Өте керемет????

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жел өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Жел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жел өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері