Оятып ертеменен шымшық әні

Бұл бетте «Оятып ертеменен шымшық әні» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2500
Оятып ертеменен шымшық әні,
Ой-арман келешекке құлшынады.
Сен іске кіріскенше — ымырт түсіп,
Бір мызғып оянғанша — күн шығады.
Жоғалса жастығыңның ақ алмасы,
Белгілі ешкім іздеп таба алмасы.
Оқуды бітіргенше мұрт та шығып,
Кетеді иегіңді сақал басып.
Жүргенде әзілдесіп,
Қалжыңдасып,
Бір күні келер қысың,
Жазың қашып.
Жетерсің мақсатқа да
Көктемдегі
Атыздай ажарыңды әжім басып.
Өрілген қызыл гүлдей сезім-қамыт,
Ойларды сезім жайлы өзің дамыт.
Сен күтіп жүргеніңде даңқ тәжін,
Тұрады сені күтіп... қызыл табыт.
Біреулер керіп қойып қасын әсем,
Өтірік айтады деп жасыма сен...
Жақсыны қимайды ел —
Қабіріңнің
Басында тамған көздің жасына сен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оятып ертеменен шымшық әні өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Оятып ертеменен шымшық әні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оятып ертеменен шымшық әні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оятып ертеменен шымшық әні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері