Кеудең кейде құса-мұңға толады
Бұл бетте «Кеудең кейде құса-мұңға толады» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кеудең кейде құса-мұңға толады,
Толады да қызыл гүлің солады.
Үйің сенің болса болар бірнешеу,
Молаң бірақ біреу ғана болады.
Мәңгі бақи ата бермес таң күліп,
Мәнін ойла бұл өмірдің, әңгүдік!
Үйің сенің он болса да — уақытша,
Молаң біреу болғанменен — мәңгілік!
Мансаппенен шатыстырма мұратты,
Басқашалау қояр тарих сұрақты.
Тірідегі орынынан кей жанның
Өлгеннен соң алған орны тұрақты!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі