Ескерткіштің емес ол тас құндағы – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Ескерткіштің емес ол тас құндағы» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2939
Ескерткіштің емес ол тас құндағы,
Орындығың тулап ед астыңдағы,
Аударылып түстің де ағып бердің
Төңкерілген қайықтай тасқындағы.
Жігіт едің түгің жоқ жұмырыңда,
Бір шалқыдың — не керек!— ғұмырыңда.
Бірақ, бірақ,
Өзіңді,
Өзге түгіл,
Қомсынды ғой, қайтесің, тұғырың да!
Тағдыр неткен, апырым-ай, қатқыл еді!
Дос жылайды, әрине,
Жат күледі.
Азаматтың салмағын
Астындағы
Ауыздықпен алысқан ат біледі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері