Бұл өмірдің асылы бар ардақтар

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4224
Бұл өмірдің асылы бар ардақтар.
Пасығы бар,
Тарайды одан тармақтар.
Сырлы көлде жем жетеді сазанға,
Сол жемдердің біреуінде қармақ бар.
Сәл дыбысты байқап қалса тызақтар
Секем алғыш сауысқан мен ұзақтар.
Сандуғашқа жем шашылған алаң көп,
Сол алаңның біреуінде тұзақ бар.
Қуаныш боп ата бермес ақ таңдар.
Сенімді де,
Күдікті де сақтаңдар!
Саваннада арыстанға жемтік көп,
Сол жемтіктің біреуінде қақпан бар.
Дүниені сапырыңдар,
Шайқаңдар!
Желпініңдер!
Серпіліңдер!
Байқандар:
Айқарыла ашылатын құшақ көп,
Сол құшақтық біреуінде сайтан бар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл өмірдің асылы бар ардақтар өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Бұл өмірдің асылы бар ардақтар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бұл өмірдің асылы бар ардақтар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұл өмірдің асылы бар ардақтар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері