Хайроллаға – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Хайроллаға» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2495
Өмірдегі не бір жайсаң,
Қасқаның,
Қарап тұрсаң,
Ғұмырлары қас қағым.
Бәрі өткінші,
Бәрі, бәрі баянсыз,
Азды-көпті ақылыңнан басқаның...
Қарап қалған заман емес айлыққа,
Қиындықтың құқайынан қаймықпа.
Бәрі өткінші,
Бәрі, бәрі баянсыз,
Әсіресе, сенбеу керек байлыққа!
Бір күндері
Әділдікке мұң шағып,
Бал жеп жүріп у жұтқандар қаншалық!
Хан сарайдан артық үйі кедейдің
Төбесінен тұратұғын тамшы ағып.
Неге керек алтын торға қамалып!
Жұмыс істе!
Рақат көр, дем алып!
Адамға түк жараспайды,
Адамға
Жарасады жалғыз ғана даналық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері