Бұл тірліктің сәттері бар сондай сұм –
Қадыр Мырза Әли
Бұл бетте «Бұл тірліктің сәттері бар сондай сұм» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұл тірліктің сәттері бар сондай сұм.
Атар таңым, әдемірек болғайсың!
Тастап бәрін қылтың-сылтың мінездің,
Тура жолмен жүрейін деп ойлайсың.
Тәулік бойы мәз боласың,
Тойлайсың.
Тойлайсың да,
Келесі күн оңбайсың.
Содан кейін шиша толы у түгіл,
Судың өзін көрмеспін деп ойлайсың!
Талай-талай қайталайды ондай сын.
Кейде тіпті өз үйіңе қонбайсың.
Жар көзіне жас тұндырып...
Келіншек,
Қызға қарап күлмеспін деп ойлайсың.
Күлетін іс,
Бірақ бұған күлмейсің.
Опық жейсің,
Өзіңді-өзің тілдейсің.
Тура жолмен тартып келе жатып-ақ
Қалай шығып кеткеніңді білмейсің!
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі