Бұған құлақ түрмеген түбі арандар
Бұл бетте «Бұған құлақ түрмеген түбі арандар» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұған құлақ түрмеген түбі арандар,
Тыныштыққа шақырған бір ұран бар.
Сабыр бітіп,
Соғыстан әмір күтіп,
Құлақтарын созады зымырандар.
Қалай ғана қайғырып қамықпайық!
Календарьдың кез келген қауіпті айы,
Кемелердің ұшырмақ күлін көкке
Көрінбейтін көздерге балық-қайық.
Бір пәлені бастаса әулекілер,
Бұзығы үшін өзінің елі өкінер.
Сырымызды сығалап көрмек болып,
Шекараны сүзіп жүр «У — 2» лер.
Бейбіт күнге адамбыз ғашық тегіс,
Ақырзаман ауылы қашық деңіз.
Бірақ кейде бұлттанып ашық аспан,
Дөңбекшиді ұйқысы қашып теңіз.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі