Сынасаңдар сынаңыздар, сөкпеңдер

Бұл бетте «Сынасаңдар сынаңыздар, сөкпеңдер» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3857
Сынасаңдар сынаңыздар, сөкпеңдер,
Сезеді ішім — асығыстық көп менде.
Қайтем енді!
Зілдей болып басты мұң.
Барады өтіп, барады өтіп жастығым!
Бармын кейде бөрі болып ұлуға:
Барады өтіп сұлулық та, сұлу да!
Қызығына тоя алмадым жалғанның,
Қашан тоям!
Есептеулі қалған күн!
Адам уақыт тізгінінен ұстар ма?!
Оралды, әне, құстар екеш құстар да.
Аяқталмай жатқанда көп жұмыстар,
Келмедің деп өкпелейді туыстар.
Оқырманның алдындағы жыр бітіп,
Ақша қардай аппақ парақ тұр күтіп.
Көптен бері, көптен бері сарылып,
Күтіп отыр қыр астында кәрілік.
Барады өтіп, барады етіп бәрі де,
Көмектеспес ішірткің де, дәрі де!
Көңіл жүйрік болғанменен, ой баяу!
Қалай ғана асықпайсың, ойбай-ау!
Ақылды ұрпақ жөнсіз сөге көрмеңдер,
Алып ұшқан асығыстық бар менде.
Рас, рас, асығыстық бар менде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сынасаңдар сынаңыздар, сөкпеңдер өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Сынасаңдар сынаңыздар, сөкпеңдер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сынасаңдар сынаңыздар, сөкпеңдер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сынасаңдар сынаңыздар, сөкпеңдер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері