Ақтарылып айтайын ақ сырымды

Бұл бетте «Ақтарылып айтайын ақ сырымды» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3557
Ақтарылып айтайын ақ сырымды,
Кетті ме анам ұмытып жақсы ырымды,
Баладай бір тұсауы кесілмеген
Бұл тірлікте, апыр-ай, көп сүріндім.
Сенгенменен азамат ісі ағына,
Түсіп қалар қулықтың тұзағына.
Сүрініппін
Аяқтың астындағы
Ылғи да бір өмірдің ұсағына.
Менде сондай кемістік бар, адамдар.
Бұзды талай қанымды қара қандар.
Аяғының астында не жатқанын
Қайдан білсін... алысқа қарағандар?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақтарылып айтайын ақ сырымды өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Ақтарылып айтайын ақ сырымды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақтарылып айтайын ақ сырымды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақтарылып айтайын ақ сырымды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері