Ақтарылып айтайын ақ сырымды –
Қадыр Мырза Әли
Бұл бетте «Ақтарылып айтайын ақ сырымды» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақтарылып айтайын ақ сырымды,
Кетті ме анам ұмытып жақсы ырымды,
Баладай бір тұсауы кесілмеген
Бұл тірлікте, апыр-ай, көп сүріндім.
Сенгенменен азамат ісі ағына,
Түсіп қалар қулықтың тұзағына.
Сүрініппін
Аяқтың астындағы
Ылғи да бір өмірдің ұсағына.
Менде сондай кемістік бар, адамдар.
Бұзды талай қанымды қара қандар.
Аяғының астында не жатқанын
Қайдан білсін... алысқа қарағандар?!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі