Қыр басында алтын қақпа мен кірген

Бұл бетте «Қыр басында алтын қақпа мен кірген» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2460
Қыр басында алтын қақпа мен кірген.
Керегі не іздеп оны зеңгірден?!
Жұлдызы мол аспанына өнердің
Жарқ-жұрқ етіп шыққан жоқпын мен бірден.
Жаратылған жан шығармыз біз берік.
Жүз сынады өлең мені жүз көріп.
Жырдың жасыл көкжиегін көтеріп,
Атсам керек таң тәрізді сыз беріп.
Ойға толы менің өлең бақырым
Көгертпеді бірден жырдың тақырын.
Жұлдыздарды жарығымен сыпырған
Күн сияқты көтерілдім ақырын.
Тәж тәрізді көркі емес пе ой бастың?!
Жыр қызығын көппен бірге тойластым.
Күн сияқты көтерілсем ақырын,
Күн сияқты бірден бата қоймаспын.
Тауысқанмен жол-сапардың жарымын,
Қорқытпайды өлім жайлы сары мұң.
Нұрландырып көкжиегін өлеңнің,
Батқан соң да біраз тұрар жарығым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыр басында алтын қақпа мен кірген өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Қыр басында алтын қақпа мен кірген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыр басында алтын қақпа мен кірген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыр басында алтын қақпа мен кірген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері