Қарияның — табысы емес

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3069
Қарияның — табысы емес —
Шаруасына қараймын.
Дарияның — ағысы емес.—
Арнасына қараймын.
Серілердің — бар кезі емес —
Жоқ кезіне қараймын.
Бөрілердің — нәркес емес —
От көзіне қараймын.
Арулардың — сырғасы емес —
Алауына қараймын.
Тұлпарлардың — тұлғасы емес —
Танауына қараймын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарияның — табысы емес өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Қарияның — табысы емес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қарияның — табысы емес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарияның — табысы емес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері